Accessibility links

Калугадағы көлік зауыты өндірісті тоқтатпақ


Калугадағы Peugeot, Citroen және Mitsubishi көліктерін шығаратын зауыт. (Көрнекі сурет)
Калугадағы Peugeot, Citroen және Mitsubishi көліктерін шығаратын зауыт. (Көрнекі сурет)

Ресейдің Калуга қаласындағы шетелдік Peugeot, Citroen, Mitsubishi автокөліктерін шығаратын зауыт 27 наурыздан бастап жұмысын тоқтатады деп хабарлады Азаттықтың Орыс қызметі.

Кәсіпорынның баспасөз қызметі жұмысты тоқтату шешімін Ресейдің автомобиль нарығындағы күрделі жағдаймен және сұраныстың азаюымен байланыстырады. Бұдан өзге 31 наурызда біраз жұмысшының еңбек келісім-шарты мерзімі аяқталуына байланысты тоқтатылмақ. Бұған дейін кәсіпорын кәсіподағы зауытта жұмысшылардың 40 пайызының (шамамен 500-800 адам) еңбек келісім-шартын ұзарту жоспары жоғын мәлімдеген.

Ресейдегі көлік құрастыратын зауыттар ақпан айында сатылымның күрт құлдырауынан кейін өндірістік бағдарламаларын жаппай қысқартып жатыр. Еуропалық бизнес ассоциациясының есебі бойынша, ақпан айында жаңа жеңіл көліктердің сатылымы былтырғы ақпан айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 38 пайызға азайған.

18 наурызда General Motors биылғы жылдың соңына дейін Ресейде Opel және Chevrolet көліктерінің сатылымын қысқартатынын мәлімдеген. Оңтүстік Кореяның SsangYong көлік компаниясы Ресейге көлік экспортын тоқтатқан. Ресейдегі басқа да зауыттар, оның ішінде Калугадағы Volkswagen мен Санкт-Петербургтегі Nissan көліктерін құрастыратын зауыттар да өндірісті қысқартуды жоспарлап отыр.

XS
SM
MD
LG