Accessibility links

Ақ үй: Құпия компьютерлік желі бұзылған жоқ


АҚШ президентінің резиденциясы - Ақ үй. (Көрнекі сурет).
АҚШ президентінің резиденциясы - Ақ үй. (Көрнекі сурет).

АҚШ билігі өткен жылы жасалған кибер шабуылдардан Ақ үйдің құпия компьютерлерлік желілері зардап шекпегенін мәлімдеді.

АҚШ ұлттық қауіпсіздік қызметі кеңесшісінің орынбасары Бен Родстың мәлімдеуінше, "шабуыл жасау әрекеттері болған", бірақ барлық құпия желілер қауіпсіз.

Бірақ Родс кибер шабуыл артында Ресей тұруы мүмкін деген ақпаратқа қатысты түсінік беруден бас тартып, әңгіме шабуылдың қайдан жасалғаны туралы емес екенін айтты.

CNN телеарнасы бірер күн бұрын өткен жылдың қазан айында жасалған кибер шабуылды Мәскеу ұйымдастырды деп хабарлаған. Әуелде кибер шабуыл АҚШ мемлектетік департаментінің желілеріне ғана жасалды делінген. Бірақ кейін Ақ үйдің компьютерлік желілері де шабуылға ұшырағаны белгілі болған.

АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесі өкілі Марк Стро AFP агенттігіне "АҚШ президенті кеңсесінің" компьютерлік желілеріне жасалған шабуылды кім ұйымдастырғанына қатысты ұйғарымдарды "спекуляция" деп атады. Президент кеңсесінің компьютерлік желілеріне Барак Обаманың жақын кеңесшілері мен ұлттық қауіпсіздік кеңесінің компьютерлері кіреді.

Марк Стро билік "шабуыл салдарын бағалау және оны болдырмаудың жедел шараларын" қабылдағанын айтты.

XS
SM
MD
LG