Accessibility links

Қазақстандағы жол апаты құрбандарына Бішкек қаржы бөлді


Жамбыл облысы аумағындағы жол апаты. 19 сәуір 2015 жыл.

Жамбыл облысы аумағындағы жол апаты. 19 сәуір 2015 жыл.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстанның Жамбыл облысы аумағында жол апатынан қаза тапқан және зардап шеккен қырғыз азаматтарының отбасыларына материалдық көмек көрсету үшін 1,8 миллион сом (шамамен 30 мың АҚШ доллары) бөлу туралы жарлық шығарды.

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында 19 сәуірде Алматы-Екатеринбург тасжолында "Газель" жүк көлігі мен "Мерседес Бенц Спринтер" шағын автобусы соқтығысып, көліктер өртеніп кеткен. Апат орнынан 14 адамның сүйектері табылды. Ауыр жарақаттанған үш адам ауруханада қайтыс болған. Қаза тапқандардың он алтысы - Қырғызстан, біреуі - Қазақстан азаматы.

XS
SM
MD
LG