Accessibility links

Алматыда марафонға орай көлік қозғалысы шектелді


Төртінші Алматы марафонының маршруты. 26 сәуір 2015жыл. (Марафон.kz сайтынан алынған скриншот).
Төртінші Алматы марафонының маршруты. 26 сәуір 2015жыл. (Марафон.kz сайтынан алынған скриншот).

Алматыда бүгін марафон өтуіне байланысты бірнеше үлкен көше мен даңғылда көлік қозғалысы шектелді. Марафонға қатысушылар Әл-Фараби даңғылының Науаи көшесімен қиылысынан бастап шығысқа - Балтабаев көшесіне дейін, сосын кері әл-Фараби даңғылы бойымен батыс бағытқа қарай Саин - Абай - Фурманов көшелері бойымен жүгіреді. Олар бұдан соң Абай даңғылынан Сейфуллин даңғылына дейінгі аралықты жүгіріп өтеді. Бұл бағыттарда көлік қозғалысы шектелген.

Ұзақтығы 42 километрден асатын төртінші қайырымдылық марафоны бүгін сағат 8-де басталды. Марафонға 15 мыңға тарта адам қатысады деп жоспарланған.

Өткен жылы Алматыдағы марафонға АҚШ, Австралия, Ұлыбритания, Колумбия, Қытай мен ТМД елдерінен спортшылар қатысқан.

2015 жылдың наурыз айында Алматыда өткен баспасөз жиынында олимпиада чемпиондары - "Астана" спорт клубының мүшелері кезектен тыс президент сайлауына кандидат Нұрсұлтан Назарбаевты қолдап марафонға қатысатынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG