Accessibility links

Ақмола облысы Оразақ ауылында 200 үйді су басты


Ақмола облысы Целиноград ауданына қарасты су басқан Оразақ ауылы. 29 сәуір 2015 жыл.

Ақмола облысы Целиноград ауданына қарасты су басқан Оразақ ауылы. 29 сәуір 2015 жыл.

Ақмола облысының Целиноград ауданына қарасты Оразақ ауылында 200 үйді су басып, жүздеген адам эвакуацияланды.

Оразақ ауылының әкімі Нұрлан Қасымбековтың Азаттық тілшісіне айтуынша, 28 сәуір күні кешке Нұра өзенінде су деңгейінің көтерілуінен тұрғындардың қолдан тұрғызған бөгеті бұзылып, 200 үйді су басқан. 10-нан астам үй құлаған. Тұрғындардың көпшілігі, оның ішінде алдымен балалар мен әйелдер, қарт кісілер бөгет бұзылмай тұрып көршілес ауылдарға туған-туыстарына жіберілген. Ақмол ауылында тұрғындарға арнап Ақмол ауылында мектеп пен ауруханадан орын дайындалған.

Ауылда 1845 адам тұрады, 376 үй бар.

Қазақстанда сәуір айында су тасқынынан Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында да ондаған елді мекен зардап шекті.

Сәуірдің ортасында Целиноград ауданының Ағанас ауылын да су басқан.

XS
SM
MD
LG