Accessibility links

Надежда Савченко туған күнін түрмеде қарсы алды


Надежда Савченко сот залында. Мәскеу, 6 мамыр 2015 жыл.

Надежда Савченко сот залында. Мәскеу, 6 мамыр 2015 жыл.

Ресей абақтысында отырған украиналық әскери қызметкер Надежда Савченко бүгін 34 жасқа толды. Сонымен бірге, оның Ресей түрмесінде тұтқында отырғанына бүгін 329-күн.

Көптеген елдерде бүгін тұтқын Надежда Савченконы қолдау акциялары өтеді.

Киевтің орталығында #FreeSavchenko акциясы ұйымдастырылады. Оған қатысушылар Надежда Савченконы және Ресейде қамауда отырған басқа да саяси тұтқындарды бостандыққа шығару талабы жазылған ақ шарларды әуеге ұшырады деп хабарлайды осы шараны ұйымдастырушылар Facebook әлеуметтік желісіндегі парағында.

Сонымен бірге акцияны өткізушілер украиналықтарды Савченконы қамаудан босату туралы онлайн-петицияға қол қоюға шақырған.

Савченконың адвокаты Марк Фейгин де украиналық қызды қолдау акциясы туралы Twitter-дегі парақшасында хабарлаған.

2014 жылдың шілде айынан бері Ресейде қамауда отырған Надежда Савченко өзін Украина аумағында ресейшіл сепаратистер ұстап, Ресей жеріне еркінен тыс әкелгенін айтады. Ресей тергеу орындары Савченкоға Украинаның шығысында мерт болған ресейлік екі журналистің қазасына қатысты және Ресей мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен деген айыпар тағып отыр.

Тағылған айыптарды мойындаудан бас тартқан Савченко өзін қамауда ұстауға қарсылық ретінде аштық жариялап, 80 күннен аса уақыт наразылық акциясын өткізген.

Өткен аптада Мәскеу соты Надежда Савченконы маусымның 30-ына дейін қамауда ұстауға шешім шығарған.

XS
SM
MD
LG