Accessibility links

Алматыда «Ажалсыз полк» шеруі өтті


«Ажалсыз полк» шеруі. Алматы, 9 мамыр 1945 жыл.

«Ажалсыз полк» шеруі. Алматы, 9 мамыр 1945 жыл.

Мамырдың 9-ы, Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні Алматының орталығында «Ажалсыз полк» акциясы өтті.

Қазақстан туы бар бронестранспортер бастаған шеруде Мәскеуден жеткізілген Жеңіс туының көшірмесін ұстаған офицерлер тобы, онан кейін соғыс кезіндегі советтік әртүрлі майдан штандарттарын көтерген Алматыдағы Бауыржан Момышұлы атындағы әскери училище шәкірттері сап түзеп өтті. Олардың соңынан соғыс жылдары майданда шайқасқа қатысқан туыстарының портреттерін ұстаған адамдар колоннасы ілесіп жүрді.

Шеруге қатысушылар «Катюша», «День Победы» әндерін шырқап, «Біз жеңдік!» деп ұрандатты.

«Ажалсыз полк» акциясы Алматыда осымен екінші рет өткізіліп отыр. Былтыр ұйымдастырылған алғашқы шеруге ондаған адам ғана қатысқан еді. Биыл шеруге жүздеген адам шықты.

«Ажалсыз полк» акциясы тұңғыш рет Ресейдің Томск қаласында 2012 жылы өткен. Кейін бұл шара жалпыресейлік сипат алып, өзге де аймақтарда өткізілетін болды. Қазақстанда бұл акция биыл бірнеше қалада өткізіледі деп хабарланған.

XS
SM
MD
LG