Accessibility links

ЕО Мурсидің өлім жазасына кесілуін айыптады


Биліктен тайдырылған Египет президенті Мұхаммед Мурси сот залында. Каир, 30 сәуір 2015 жыл.
Биліктен тайдырылған Египет президенті Мұхаммед Мурси сот залында. Каир, 30 сәуір 2015 жыл.

Еуропа Одағы (ЕО) Египетте биліктен тайдырылған президент Мұхаммед Мурси мен тағы ондаған адамға шығарылған өлім жазасын айыптады. ЕО сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Федерика Могеринидің мәлімдемесінде "Өлім жазасына кесу туралы шешім Египет қатаң сақтауға міндетті халықаралық құқық нормаларына сай келмейтін жаппай сот процестерінің соңында шығып отыр" делінген.

ЕО билігі мәлімдемеде үкім апелляция кезінде өзгертілетініне үміт білдірді. Могерини ЕО-ның "қандай жағдай болмасын, өлім жазасына қарсы екенін" айтып, мұндай жазаны "қатыгездік әрі адамшылыққа жатпайды" деп атаған. АҚШ Египет сотының шешіміне қатысты "барлығына бірдей сот процесін өткізуге, жаппай бірдей үкім шығаруға" қарсы екенін мәлімдеді.

16 мамырда Египет соты Мұхаммед Мурси мен өзге жүз шақты адамды 2011 жылы толқулар кезінде түрмеден тұтқындардың жаппай қашу оқиғасына қатысы бар деген айыппен өлім жазасына кескен. Мурси Египет тарихындағы демократиялық жолмен сайланған алғашқы президент болған. Мурсиді2013 жылдың шілде айында президент саясатына қарсы бірнеше күндік шерулерден кейін әскерилер биліктен түсірген.

XS
SM
MD
LG