Accessibility links

Назарбаев қарулы күштерге қатысты жиын өткізді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 29 сәуір 2015 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 29 сәуір 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақордада қарулы күштерді ары қарай модернизациялау мәселелері жөнінде кеңес өткізді деп хабарлайды президенттің ресми сайты.

Кеңеске президенттің көмекшісі, қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев, қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов және оның орынбасары, қарулы күштер бас штабының басшысы Сәкен Жасұзақов қатысқан. Жиынға қатысқандар Назарбаевқа Қазақстан армиясының әскери дайындығын жетілдіру және әскери әлеуетін нығайту бойынша жасалып жатқан жұмыстар жайлы айтқан.

XS
SM
MD
LG