Accessibility links

ФИФА-ның бұрынғы 6 қызметкеріне іздеу жарияланды


Интерпол сайтындағы ФИФА-ның іздеу жарияланған бұрынғы қызметкерлерінің суреттері. 3 маусым 2015 жыл.

Интерпол сайтындағы ФИФА-ның іздеу жарияланған бұрынғы қызметкерлерінің суреттері. 3 маусым 2015 жыл.

Интерпол Вашингтонның сұрауы бойынша ФИФА-ның алты өкіліне іздеу жариялады. Бүгін Интерпол бопсалау, құпия сөз байласу және коррупциялық қылмыс жасады деген күдікке ілінген ФИФА-ның бұрынғы жоғары шенді екі қызметкері мен басқару қызметіндегі төрт шенеунігін қамауға алуға ордер берді.

Олардың арасында ФИФА-ның бұрынғы вице-президенті, Тринидад азаматы Джек Уорнер мен федерацияның атқару комитетінің бұрынғы мүшесі, парагвайлық Николас Леос бар. Іздеу жарияланғандар ішінде бұған қоса аргентиналық Алехандро Бурзако мен ағайынды Хьюго және Мариано Джинкис те бар.

Маусымның 2-сі күні ФИФА президенті Зепп Блаттер федерациядағы коррупциялық жанжалға байланысты отствкаға кеткен.

27 мамырда Швейцария билігі АҚШ коррупцияға қатысты айып таққан ФИФА-ның жоғары шенді жеті шенеунігін тұтқындаған.

XS
SM
MD
LG