Accessibility links

Алматыда The Spirit оf Tengri фестивалі басталды


Алматыда The Spirit оf Tengri этникалық музыка фестивалі басталды. 6 маусым 2015 жыл.
Алматыда The Spirit оf Tengri этникалық музыка фестивалі басталды. 6 маусым 2015 жыл.

Алматыда бүгін The Spirit оf Tengri этникалық музыка фестивалі басталды. Онда өнерін көрсететін 13 шығармашылық ұжымдар арасында Қазақстаннан «Арқайым», «Шарапат», «Алдаспан» және «Тиграхауд» топтары бар.

Бұл фестивальға Ресей құрамындағы елдерден – Радик Тұлыш және «Чалама» (Тыва), Чалтыс Таннагашева мен Нариман Исенов (Таулы Шория), «Арғымақ» (Башқұртстан), бурят-норвегтік Nordic-Namgar жобасы, сонымен қатар Венгрия, Грузия, Қытай мен Түркиядан келгендер бар.

Екі күнге жалғасатын The Spirit of Tengri музыка фестиваліне қатысушылар ежелгі ұлттық әуендерді қазіргі заман нақышына салып орындайды. Сондай-ақ концертте көмеймен ән айтушы Еділ Құсайынов Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық конвсерваториясы хорымен бірге өнер көрсетпек.

Концерт сенбі және жексенбінің кешінде Алматыдағы Республика сарайы алдында жұртшылыққа тегін көрсетіледі.

XS
SM
MD
LG