Accessibility links

Қазақстанда көркемдік кеңестер жұмысқа кірісті


Қазақстан мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Қазақстан мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Қазақстанда театр, өнер қызметі және киноөндіріс бойынша көркемдік кеңестер жұмысын бастады. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады.

Сенбі күні көркемдік кеңестердің алғашқы отырысында Қазақстан мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы елде шығармашылық ұйымдардың репертуралық саяси мәселелерін шешу, ол жөнінде ұсыныс енгізу, мәдени мекемелердің шығармашылық көрмелерін, шығармашылық ұжымдардың репертуарлық жоспарларын қарау, гастрольдік қызметті қалыптастыру сынды шаралар бойынша жұмыстар қолға алынғанын айтқан.

Оның сөзінше, министрлікке қарасты өнер саласына жауапты департамент жанынан құрылатын арнайы кеңес елдегі барлық театрлардың репертуарларын үйлестіріп отырмақ.

«Біз осы күннен бастап бір жылға қойылатын репертуарды көркемдік кеңесте бекітуіміз керек. Яғни, әрбір өңірлік театрдың репертуарын біз көркемдік кеңесте бекітуге тиіспіз» деген министр.

Министр «бүкіл репертуарлық саясатты бір жүйеге келтіру» қажеттігін айтқан.

Соңғы жылдары шыққан «Хозяева», «Уроки гармонии», «Риэлтор» фильмдерін сынаған Арыстанбек Мұхамедиұлы «қазақты масқаралаған фильмдер керек емес» деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG