Accessibility links

Жерорта теңізінде 2 тәулікте 5851 адам құтқарылған


Жерорта теңізіндегі мигранттарды құтқару операциясы. Италия, мамыр 2015 жыл.
Жерорта теңізіндегі мигранттарды құтқару операциясы. Италия, мамыр 2015 жыл.

Италия билігінің мәліметінше, соңғы екі тәулікте Жерорта теңізінде Еуропаға бара жатқан алты мыңға жуық адам құтқарылды. Теңізде италиялық, британдық, германиялық және басқа да кемелердің қатысуымен 30 арнайы операция жүргізілген. Ливия жағалауларындағы сулардан 5 мың 851 босқын табылған. Олардың барлығы Италияға жөнелтілуі мүмкін.

Биыл өміріне қауіп төнетініне қарамастан Жерорта теңізін кесіп өтпек болған мигранттар саны күрт артқан. БҰҰ-ның есебіне қарағанда, биыл 1 мың 800-ден астам адам осы сапарында суға кеткен. Еуропа Одағы бұл аймақта қарауылдайтын кемелер санын арттырғанымен, негізгі қиындық жағалауға жеткен босқындарды бөлу кезінде туындайды.

XS
SM
MD
LG