Accessibility links

Ресей мен Катар чемпионат өткізу құқығынан айырылуы мүмкін

ФИФА-ның отставкаға кеткен президенті Зепп Блаттер (оңнан солға қарай), Ресей президенті Владимир Путин, Мәскеу мэрі Сергей Собянин, Ресей спорт министрі Виталий Мутко Мәскеудегі "Лужники" стадионын реконструкциялау жобасымен танысып тұр. Мәскеу, 28 қазан 2014 жыл.

ФИФА-дағы дауыс беру кезінде пара беру фактісі анықталған жағдайда Ресей мен Катар футболдан әлем чемпионаттарын өткізу құқығынан айырылуы мүмкін. Бұл жайында ФИФА-ның аудит және ережелерді сақтау жөніндегі төрағасы Доменико Скала швейцариялық Sonntags Zeitung басылымына берген сұхбатында айтты.

Футбол тарихында ФИФА-ның жоғары шенді өкілі екі бірдей елдің әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылуы мүмкіндігі жайлы бұрын-соңды мәлімдеме жасамаған. "Егер дауыстың сатып алынғаны туралы айғақтар келтірілсе, онда дауыс беру нәтижесі жарамсыз деп танылуы мүмкін" деген Скала басылымға. Бірақ ол әзірге "қолда мұндай айғақ жоқ" екенін де айтқан.

27 мамырда швейцария полициясы АҚШ билігі таққан коррупцияға қатысты айыппен ФИФА-ның жоғары шенді жеті шенеунігін тұтқындаған. Швейцария билігі Ресей мен Катарға 2018 және 2022 жылғы футболдан әлем чемпионаттарын өткізу құқығын беру жайын тексеруге кіріскен.

2 маусымда ФИФА президенті Зепп Блаттер коррупциялық жанжалға байланысты отставкаға кеткен.

XS
SM
MD
LG