Accessibility links

Сарышағанда Ресей зымыраны сыналды


Ресей Астрахань облысындағы Капустин Яр полигонынан «Тополь» РС-12М зымыранын атып, Қазақстанның Қарағанды облысындағы Сарышаған әскери полигонындағы нысанаға тигізді.

Ресей Астрахань облысындағы Капустин Яр полигонынан «Тополь» РС-12М зымыранын атып, Қазақстанның Қарағанды облысындағы Сарышаған әскери полигонындағы нысанаға тигізді.

Ресей қорғаныс министрлігі әскери-ғарыштық қорғаныс әскері Қазақстанда жалға алған Сарышаған полигонында жақын қашықтықта әрекет ететін әуе қорғанысы зымыранын сынақтан өткізді.

Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, сынақ 9 маусым күні Астана уақыты бойынша сағат 14:32-де жасалған. Сынақ кезінде зымыраннан қорғаныс жүйесінің зымыраны белгіленген уақытта Сарышаған полигонындағы шартты нысананы жойған.

Ресей қарулы күштерінің мәліметінше, сынақ әскери-ғарыштық қорғаныс әскері сапындағы зымыраннан қорғаныс жүйесінің тактикалық-техникалық қуатын тексеру мақсатында жасалған.

Ресей бұған дейін бірнеше мәрте Астрахандағы "Капустин Яр" полигонынан "Тополь" құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынақтан өткізген. Ол зымырандардың барлығы Сарышаған полигонындағы шартты нысанаға бағытталып, дәл тиген. Соңғы сынақ бұдан бір жыл бұрын, 2014 жылдың 20 мамырында жасалған.

XS
SM
MD
LG