Accessibility links

"Астана EXPO-2017" экс басшысы үйқамаққа алынды


"Астана EXPO 2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма бастығы Талғат Ермегияев

"Астана EXPO 2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма бастығы Талғат Ермегияев

"Астана EXPO-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма бастығы Талғат Ермегияев Астана қаласы Алматы аудандық 2-сотының шешімімен қамауға алынды деп хабарлады ҚазТАГ.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың осыдан екі күн бұрын, "Астана EXPO-2017" құрылыс департаментінің бұрынғы директоры Қажымұрат Үсенов үйқамаққа алынған соң, Талғат Ермегияевты қызметінен босатқаны мәлім болған.

"Астана EXPO-2017" ұлттық компаниясы бюджет қаржысын игеру, құрылысқа инвесторлар қаржысын тарту, тендер өткізу тәртібін сақтау, лицензия және сертификат алу, құрылыс материалы мен еңбек ақыға қатысты тексеріліп жатыр.

XS
SM
MD
LG