Accessibility links

Ауғанстан қауіпсіздік күштері өкілдері 21 маусым күні осы елдің Құндыз өңіріндегі "Ислам мемлекеті" (ИМ) және "Талибан" экстремистік ұйымдарымен байланысы бар орталықазиялық содырлармен соғыспақ ниетте екендерін мәлімдеді.

Құндыз өңірлік кеңесінің басшысы Юсуф Аюби содырлардың 20 маусымда, жергілікті полициямен екі күндік ұрыстан кейін Құндыз өңірінің Шардара ауданын басып алғанын растады.

Шардара ауданы Құндыз өңірі орталығынан батысқа қарай орналасқан. Азаттықтың жергілікті тілшісі қазір Құндыз өзенінің Орталық Азиядан (ОА) шыққан содырлар және "Талибан" жауынгерлері мен үкімет әскері арасында табиғи шекара болып тұрғанын хабарлады.

"Талибан" жасақтары мен Орталық Азия елдерінен шыққан содырлар Құндыз өңіріне шабуылын сәуір айында екі мыңдай жауынгермен бастаған. Ауғанстан аумағына бұл содырлар Пәкістаннан кірген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG