Accessibility links

Жазғы универсиадаға 95 қазақстандық қатысады


2015 жылы Оңтүстік Кореяда өтетін жазғы универсиада ойындарының белгісі.
2015 жылы Оңтүстік Кореяда өтетін жазғы универсиада ойындарының белгісі.

3 шілдеде Кванджуда (Оңтүстік Корея) XXVIII дүниежүзілік жазғы универсиада басталады.

Бұл жарысқа Қазақстаннан 95 студент-спортшы қатысады. Олар таеквондо, дзюдо, жеңіл атлетика, семсерлесу, садақ ату, стенд ату, гольф, академиялық есу, жүзу және спорттық гимнастикадан бәсекеге түседі.

Қазақстан студенттер спорты федерациясының төрағасы Қайрат Зәкіриянов қазақстандық спортшылар Кванджу универсиадасында бес алтын алуды жоспарлап отырғанын айтқан.

Биылғы жазғы универсиадаға Солтүстік Корея елі қатысудан бас тартты.

Пхеньян Сеулде БҰҰ-ның Солтүстік Кореядағы адам құқығын бақылау ұйымының ашылуына наразылық танытып, универсиадаға байкот жариялаған.

XS
SM
MD
LG