Accessibility links

Павлодар облысында 2000 астам мал қырылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Павлодар облысында қатты жауған жауын мен күннің күрт суытуынан 2 мың бастан астам мал қырылып қалды деп хабарлады облыстық ветеринарлық басқармасына сілтеме жасаған Tengrinews.kz агенттігі.

Басқарма мәлімдемесі бойынша, Екібастұз аймағында 1 мың 300, Ақкөл ауылдық округінде 326, Лебяжі ауданында 700 бас ұсақ мал өлген. Ақсу ауданында да мал қырылған. Қазір бұл ауданда өлген малдардың саны анықталып жатыр.

"Өңірде үш күн бойы ауа райы күрт суытып кетті. Қырықтықтан шыққан жайылымдағы ұсақ мал ықтайтын жер таппай суықтап қалған" деген Лебяжі ауданы әкімінің орынбасары Бейімбет Байжанов.

Павлодар облысында 5 шілдеден бері күн жауын-шашынды болып тұр. Синоптиктер 8 шілде күні бұл аймақта жауын, бұршақ жауады деп болжайды.

XS
SM
MD
LG