Accessibility links

Камерун мен Нигериядағы жарылыстан ондаған адам мерт болды


Нигериядағы терактілердің бірі болған аймақ. 1 ақпан 2015 жыл

Нигериядағы терактілердің бірі болған аймақ. 1 ақпан 2015 жыл

Камерунда 12 жастағы қыз өзін-өзі жарып жіберіп, жарылыс салдарынан 20 адам қаза тауып, 79 адам жарақаттанған.

Камерун телеарналарының хабарлауынша, сенбі күні кешкісін жанкешті Маруа қаласындағы халық көп келетін барлардың бірінде жарылғыш затты іске қосқан.

Камерунмен көршілес Нигерияда жексенбіде Дамаруту қаласындағы базарларда жанкешті өзін өзі жарып, оқиғадан 14 адам мерт болды. Елу адам жарақат алған.

Әзірге екі оқиғаны да ешқандай топ өз мойнына алған жоқ.

Соңғы уақытта Нигерия мен Камерунда "Боко Харам" экстремистік тобы жиі жарылыстар ұйымдастырып жүр. Бұл топ жанкешті ретінде жас қыздар мен әйелдерді пайдаланады.

XS
SM
MD
LG