Accessibility links

Қырғызстан ЕАЭО-ның толыққанды мүшесі болды


Қазақстан президенті Назарбаев пен Қырғызстан президенті Алмасбек Атамбаев Ыстықкөлдегі кездесуде. 11 тамыз 2015 жыл.

Қазақстан президенті Назарбаев пен Қырғызстан президенті Алмасбек Атамбаев Ыстықкөлдегі кездесуде. 11 тамыз 2015 жыл.

12 тамызда Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) Қырғызстанды мүшелікке қабылдау туралы келісім күшіне енді. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында хабарланды.

Армения, Беларусь, Қазақстан және Ресеймен бірге енді Қырғызстан да ЕАЭО-ның толыққанды мүшесі болды.

Қырғызстанның бұл одаққа мүше болу процесі 2014 жылы басталған. Биыл тамыздың 4-і күні Астана Қырғызстанның ЕАЭО құрамына қосылу келісімін, ЕЭО туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы және жекелеген халықаралық келісімдерді ратификациялаған.

Мұның алдында мұндай құжаттарды Ресей, Беларусь және Армения елдері мақұлдаған.

XS
SM
MD
LG