Accessibility links

Ресейде құрлық әскерінің бұрынғы басшысы сотталды


Генерал Владимир Чиркин.

Генерал Владимир Чиркин.

Ресей құрлық әскерінің бұрынғықолбасшысы Владимир Чиркин «қызмет бабында пара алды» деген айыппен бес жылға сотталды.

Мәскеу әскери соты үкімі бүгін жарияланған. Сот Чиркинді 2008 жылы отставкадағы офицерге баспана алып беру үшін 450 мың рубль (13 мың доллардан аса) пара алғаны үшін айыпты деп тапты. Ол уақытта Чиркин Мәскеу әскери округі басшысының орынбасары қызметінде болған.

Ал кейін, 2012-2013 жылдары ол Ресей құрлық әскері қолбасшысы қызметін атқарған.

XS
SM
MD
LG