Accessibility links

Ұлытауда жаппай төбелестен үш адам зардап шеккен


Қарағанды облысының аумақтық картасы.
Қарағанды облысының аумақтық картасы.

Қарағанды облысы Ұлытау ауданындағы құрылыс нысанын салып жатқан жауапкершілігі шектеулі серіктестік жұмысшылары арасында жаппай төбелес болып, үш адам зардап шеккен. Бұл туралы «Қазақстан жаңалықтары» агенттігі хабарлады.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, тамыздың 15-і күні болған жаппай төбелес салдарынан жарақат алған үш адам емдеу мекемесіне жеткізілген. Төбелеске қатысқандардың бәрі ұсталған.

Қазір полиция бұл оқиғаның себептерін анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

XS
SM
MD
LG