Accessibility links

Украина: жергілікті сайлау өтпейтін кеңестер аталды


Украина сайлауында дауыс беретін жәшік. (Көрнекі сурет)

Украина сайлауында дауыс беретін жәшік. (Көрнекі сурет)

Украина орталық сайлау комиссиясы (ОСК) елдің шығыс аймағындағы 122 жергілікті кеңес органдарына сайлау өткізуге мүмкіндік жоқ деп тапқан. Бұл туралы Азаттықтың Украин қызметі хабарлады.

ОСК-нің мұндай шешім қабылдауына аталған жергілікті кеңестер территориялары ресейшіл сепаратистер бақылауындағы аумақпен шектесетіндіктен, оларда заң мен тәртіп сақталатынына биліктің кепілдік бере алмайтыны туралы Донецк және Луганск облыстарындағы әскери-азаматтық әкімшіліктерінің ұсыныстары негіз болған.

ОСК қаулысы енді Украина парламентіне бекітуге ұсынылады.

Сонымен бірге Украина орталық сайлау комиссиясы елде жергілікті билік органдарына сайлау процесін қыркүйектің 5-інен бастау туралы шешім қабылдаған.

Украинада жергілікті билік органдары сайлауы қазанның 25-іне тағайындалған.

XS
SM
MD
LG