Accessibility links

Украина парламенті конституцияға өзгерістерді қолдады


Украина парламенті алдындағы конституцияға түзету енгізуге наразы демонстранттар. Киев, 31 тамыз 2015 жыл.

Украина парламенті алдындағы конституцияға түзету енгізуге наразы демонстранттар. Киев, 31 тамыз 2015 жыл.

Украина парламенті конституцияға елдің шығысындағы ресейшіл сепаратистерге көбірек автономия беретін түзетулер енгізуді қолдап дауыс берді.

Дауыс беруге қатысқан 368 депутаттың 265-і заң жобасын алғашқы оқылымында қолдады.

Өзгерістер жобасында Украина шығысындағы Донецк мен Луганск облыстарының ресейшіл сепаратистер бақылауындағы жекелеген аудандарында жергілікті өзін-өзі басқарудың ерекшелігін арнайы заң реттейтіні айтылады.

Парламент заң жобасын келесі оқылымда мақұлдау үшін енді оны кемінде 300 депутат қолдауы қажет.

Бүгін парламентте заң жобасына қарсы ондаған депутат дауыс беретін кезде парламент мінберін жауып тастаған. Ал парламент алдында конституцияға түзету енгізуге қарсылық танытқан ондаған белсенді құжат мақұлданғаны жарияланғаннан соң полициямен қақтығысқан.

XS
SM
MD
LG