Accessibility links

Астанада ондаған автобус жүргізуші наразылық білдірді


Бүгін Астана қалалық № 4 қалалық автобус паркінің он шақты жүргізушісі жұмысқа шықпай қойды. Олар автобусты жалға алу құнының көтерілуіне наразылық білдірген деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

"Жанармайды өз ақшамыздан құямыз, автобусты жалға алу құнын төлейміз, автобусты өзіміз жуамыз. Күндік шығын 60 мың теңгеден асады" дейді жүргізушілердің бірі Нұрлан Пардабеков.

Жүргізушілер жалға алу құнын көтеру қаулысын жоюды немесе автобус шығынын және жанармай құюды автобус паркі өзіне алуды, ондай жағдайда 200 мың теңге тұрақты айлық беруді талап етіп отыр.

Ал № 4 автобус паркі директорының орынбасары Есенғазы Әлмағамбетов жалға алу құнының көтерілуін қаржылық мәселемен түсіндіріп, мекеме қаржылық қиындықтарға тап болғанын айтты. Автобус паркі басшылығы пайымдауынша, жүргізушілердің талаптарын "орынсыз".

Азаттық радиосы тілшісінің хабарлауынша, автобус паркі наразы топтың талабымен келіскеннен кейін жүргізушілер қызметтеріне кіріскен.

XS
SM
MD
LG