Accessibility links

Савченконың соты қайта жалғасты


Украиналық ұшқыш Надежда Савченко.
Украиналық ұшқыш Надежда Савченко.

Ресейде бүгін "ресейлік екі журналистің өліміне қатысы бар" деп айыпталған украиналық ұшқыш Надежда Савченконың соты жалғасты. Ростов облысының Донецк қаласындағы сот жабық өтіп жатыр.

Украина шығысындағы қақтығыста еріктілер батальонында қызмет еткен Савченконы Ресей билігі өткен жылы жазда "екі журналист өлген артиллерия шабуылын үйлестірді" деп айыптайды.

Савченко айыпты жоққа шығарып, өзін ресейшіл сепаратистер өзін ұстап әкетіп, Ресейге өткізіп жібергенін айтады. Ол бұған дейін қамауда наразылық танытып ондаған күн аштық ұстаған.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен Батыс елдері Савченкоын босатуға шақырған.

Өткен айда Ростов облыстық соты Савченконың адвокаттарының сотты Мәскеуде өткізу туралы өтінішін қанағаттандырмай тастаған.

XS
SM
MD
LG