Accessibility links

Ауғандық босқын әйел БҰҰ жүлдесімен марапатталды


БҰҰ сыйлығымен марапатталған Пәкістанда тұратын ауғандық босқын әйел Акила Асифи.
БҰҰ сыйлығымен марапатталған Пәкістанда тұратын ауғандық босқын әйел Акила Асифи.

Пәкістанда өмірін босқын қыздарды оқытуға арнаған ауғандық босқын әйел Акила Асифи БҰҰ босқындар ісі жөніндегі агенттігінің Нансен атындағы сыйлығымен марапатталды. БҰҰ-ның Нансен жүлдесі босқындар құқығын қорғауға үлес қосқандарға беріледі.

49 жастағы Асифи Кабулден 1992 жылы отбасымен бірге кетіп қалып, содан бері Пәкістанның Пенжаб провинциясындағы шалғайдағы босқындар қонысында тұрып келеді. Қыздардың көпшілігі білім алу мүмкіндігінен айырылған қоныста ол түрлі кедергілер мен жағдайының жоқтығына қарамастан шатыр астында қыздарды оқытатын сыныптар ашқан.

БҰҰ агенттігінің дерегінше, Пәкістандағы ауғандық босқын балалардың 80 айызға жуығы мектепке бару мүмкіндігі жоқ болса да, Асифи тұратын босқындар қонысында бір мыңнан астам бала білім алып жатыр.

"Аналары білімді болса, балалары да әрқашан білімді болатыны айқын. Мен адамдардың есіне Ауғанстан десе соғыс емес, білім беру стандарттары қалыптасқан ел түсетін күн туса деп армандаймын" деді Асифи.

Нансен сыйлығының 100 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай жүлдесі бар.

XS
SM
MD
LG