Accessibility links

2024 жылғы олимпиаданы өткізуге үміткер қалалар аталды


Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах.

Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах.

Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) бүгін 2024 жылғы жазғы олимпиада ойындарын өткізуге бес қала: Будапешт, Гамбург, Лос-Анжелес, Париж және Рим үмітті екенін жариялады.

ХОК президенті Томас Бахтың айтуынша, олимпиаданы өткізетін қала 2017 жылдың қыркүйегінде анықталмақ. "Бұл қалалардың қай-қайсысы болмасын - дайындығы жоғары қалалар" деген Бах олимпиаданы өткізу құқығын жеңіп алу үшін талас "күшті әрі таңқаларлықтай" болатынын айтты.

Бұған дейін Баку мен Торонто қалалары үміткер болып тіркеледі деген болжам болған. Бірақ соңғы сәтте олар үміткерлікке өтпей қалған.

Кейбір сарапшылар Лос-Анжелес пен Париж олимпиаданы өткізу құқығын жеңіп алуға осы бастан дайын дейді.

XS
SM
MD
LG