Accessibility links

Керри: Сириядағы Ресей әскери ұшақтары қауіп төнгізуі мүмкін


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Лондон, 18 қыркүйек 2015 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Лондон, 18 қыркүйек 2015 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Сирияда ресейлік әскери ұшақтардың пайда болуына байланысты алаңдаушылық танытты.

Керри ресейлік ұшақтар «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы әуеден соққы беріп жатқан АҚШ бастаған халықаралық коалициян күштеріне қауіп төндіруі мүмкін деп мәлімдеген.

«Әскери операция жүріп жатқан аймақта зениттік қару мен «әуе-әуе» класына жататын зымырандары бар әскери ұшақтардың пайда болуы шындап мәселеге айналды» деген Керри Лондонда британдық әріптесі Филип Хэммондпен келіссөздерден соң өткен баспасөз мәслихатында.

Ресей Сириядағы әскери күшін еселеуін «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы күресу үшін деп түсіндіреді.

Аты-жөнін атағысы келмеген америкалық шенеуніктердің ақпараты бойынша, жұма күні Ресей Сириядағы базасына әскери ұшақтарының шағын тобын апарған. Бұл Пентагон басшысы Эштон Картер мен Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгудің телефон әңгімесінен соң бірнеше сағаттан кейін болған.

XS
SM
MD
LG