Accessibility links

KASE: Доллар құны 270 теңгеден сәл түсті


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан қор биржасында (KASE) бүгін таңертеңгі сауда нәтижесінде бір АҚШ долларының бағамы 269 теңге 96 тиынды құрады. Биржада барлығы 58 миллион доллар сатылған.

21 қыркүйекте кешкі сауда 270 теңге 85 тиынмен жабылған.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар құны 271-272 теңге болып тұр.

Қазақстан үкіметі тамыздың 20-сы күні ұлттық валюта бағамының ауытқу шегін алып тастаған соң Қазақстан теңгесі бір күнде шамамен 30 пайызға құнсызданған.

16 қыркүйекте доллар құны 298-300 теңгеге дейін көтерілген соң Қазақстан Ұлттық банкі валюталық интервенция жүргізу туралы шешім қабылдағанын хабарлаған еді. Бүгін Ұлттық банк үшінші рет валюталық интервенция жасады.

XS
SM
MD
LG