Accessibility links

Назарбаев Нью-Йоркте Обамамен кездесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) АҚШ президенті Барак Обамен қол алысып отыр. Нью-Йорк, 29 қыркүйек 2015.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) АҚШ президенті Барак Обамен қол алысып отыр. Нью-Йорк, 29 қыркүйек 2015.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 28 қыркүйекте Нью-Йоркте АҚШ президенті Барак Обамамен кездесті. Ақ Үйдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі ел басшысы "екіжақты қатынастар, ядролық қауіпсіздік, аймақтық тұрақтылық пен экономикалық даму мәселелерін" талқылаған.

Баспасөз қызметінің мәлімдемесінде Назарбаев пен Обаманың Украинадағы жанжалды реттеу маңыздылығын және Минск келісімдерін толық орындау жайттарын талқылағандары жазылған.

АҚШ президенті Барак Обама Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Атом қуаты халықаралық агенттігінің аз байытылған уран банкін құруымен және елдің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуымен құттықтаған.

XS
SM
MD
LG