Accessibility links

Министрлік: Қырым қатесін "Мектеп" түзейді


Қазақстандық оқулық. Көрнекі сурет

Қазақстандық оқулық. Көрнекі сурет

Қазақстанның білім министрлігінің баспасөз хатшысы Әлібек Шоқпаров 2 қазан күні Азаттыққа "Қазіргі дүние географиясы" пәнінің оқулығындағы Қырымды Ресей субъектісі етіп көрсеткен қателікті түзеу мәселесін "Мектеп" баспасының қарайтынын айтты.

"Қалай түзету мəселесін "Мектеп" баспасы қарайды. Содан кейін белгілі болады" деді Әлібек Шоқпаров.

"Мектеп" баспасының басшылығынан бұған қатысты комментарий алу мүмкін болмады.

30 қыркүйекте Қазақстан білім министрлігінің білім беру мен ғылым саласына бақылау комитеті Қырымды «Ресей Федерациясының құрамындағы субъект» деп жариялаған оқулықтарға түзету енгізу туралы шешім қабылдағанын хабарлаған.

Азаттық сайты Қазақстан оқулықтарындағы Қырымның статусы "Ресей субъектісі" деп көрсетілгенін жазған соң өткен аптада Украинаның Қазақстандағы елшілігі «Мектеп» баспасы шығарған 10-11-сыныптарға арналған география оқулықтарында Қырым түбегін Ресей Федерациясының субъектісі ретінде көрсетуіне байланысты Астанаға наразылық нотасын жіберген.

Украинаның Қазақстандағы сенімді өкілі орта мектептерге арналған оқулықтардағы ақпарат Украина территориясының тұтастығына қолдау білдіріп отырған халықаралық қауымдастық пен Астананың позициясына қайшы екенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG