Accessibility links

Ауғанстанда НАТО тікұшағы апатқа ұшырады


Ауғанстандағы НАТО тікұшағы. (Көрнекі сурет).
Ауғанстандағы НАТО тікұшағы. (Көрнекі сурет).

Кабулда НАТО күштеріне тиесілі тікұшақ апатқа ұшырап, бес адам қаза тапты. НАТО күштері штаб-пәтерінің хабарлауынша, 11 қазанда болған апаттан бес адам жараланған. Қаза тапқандар арасында екі британдық сарбаз бар.

НАТО басшылығы қаза тапқандар мен жараланғандардың қай ел азаматтары екенін айтпады. Бірақ Ұлыбритания апаттан өзінің әскери-әуе күштерінің екі сарбазы қаза тапқанын хабарлады.

Бұған дейін кейбір агенттіктер АҚШ әскерилерінің ресми өкіліне сілтеп Кабулдегі НАТО күштерін қолдау орталығына жақын маңда альянс тікұшағы мен әуе бақылау шарының қатысуымен "төтенше оқиға" болғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG