Accessibility links

Оралда жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған


Батыс Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Батыс Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Оралда жасөспірім қыз өз-өзіне қол жұмсады деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Департаменттің мәліметінше, 2000 жылы туған Анастасия Агибалованың денесі 12 қазанда Жданов көшесінде орналасқан тоғыз қабатты үйдің жанынан табылған. Жасөспірім үйдің төбесінен секіріп кеткен. Департамент үйдің шатырында ұялы телефон мен рюкзак табылғанын, қыздың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілгенін айтады.​

Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG