Accessibility links

Словения Хорватияның шекарасына әскер жібереді


Хорватиядан Словенияға кіріп жатқан мигранттар. 19 қазан 2015 жыл.
Хорватиядан Словенияға кіріп жатқан мигранттар. 19 қазан 2015 жыл.

Словения үкіметі мыңдаған мигрант келетін Хорватиямен шекаралас аудандарға әскер жіберуді ұсынды. Мемлекет шекарасын әскер күшімен қорғау туралы заң жобасын Словения парламенті 20 қазанда мақұлдайды.

19 қазанда Словения билігі Хорватия жақтан келген мыңға жуық мигрантты тәуліктік квота саны аздығын көлденең тартып елге кіргізбеген еді. Хорватия Словениядан күн сайын бес мыңға жуық мигрантты өткізуді сұрағанымен, Словения одан екі есе аз адамды қабылдай алатынын мәлімдеген. Соның салдарынан екі тараптың шекарасында мигранттар топталып қалды.

Сирия, Ауғанстан мен Ирактағы қақтығыс аумағын тастап Батыс Еуропа арқылы Балқан елдеріне ондаған мың босқын бет алған. Мигранттар легі Венгрия, Хорватия және Сербия шекарасын жапқан соң Словенияға бұрылған.

XS
SM
MD
LG