Accessibility links

Адам азаптаған полицейлер шағымын қанағаттандырмады


Ахмет ауылы тұрғыны Николай Синявин Қарағанды облысы соты ғимараты алдында тұр. 13 қазан 2015 жыл.

Ахмет ауылы тұрғыны Николай Синявин Қарағанды облысы соты ғимараты алдында тұр. 13 қазан 2015 жыл.

Қарағандыда сейсенбіде апелляциялық сот Ахмет ауылының тұрғыны Николай Синявинді азаптаған деген айыппен сотталған Нұра ауданындағы полиция қызметкерлерінің шағымын қанағаттандырмады.

– Судья Нұра аудандық соты шығарған сот үкімін еш өзгеріссіз қалдыру туралы қаулы қабылдады, - деп хабарлады Қарағанды облыстық соты Азаттыққа.

Қарағанды облысы Нұра аудандық ішкі істер бөлімінің бұрынғы учаскелік инспекторлары Нұрәлі Бегімбаев, Берік Таңсықбаев және Мақсат Байтілеуовке шығарылған сот үкімі күшіне енді. Аудандық сот бұл үшеуі Ахмет ауылы тұрғыны Николай Синявинді азаптағаны үшін айыпты деп танып, әрқайсысын үш жылға түрмеге кескен. Синявинді азаптамағандарын айтқан бұрынғы үш полиция қызметкері өздеріне тағылған айыптарды тергеу барысында да, сот кезінде де жоққа шығарып, үкімге қарсы апелляциялық шағым түсірген. Сотталған үшеуінің енді кассациялық шағым беретіні я бермейтіні әзірше белгісіз.

Былтыр тамыз айында Нұра ауданында полиция бөлімшесіндегі тергеуден соң Николай Синявин мүгедек болып қалған, дәрігерлер оның мойын омыртқасы сынып, басына зақым келгенін анықтаған. Николай Синявиннің өтініші негізінде қозғалған үш полицейге қарсы қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары бір жылға созылған.

  • 16x9 Image

    Елена ВЕБЕР

    Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена - 2010 жылдан бері Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі. Теміртау қаласында тұрады. ҚарҰУ-дің филология факультетін бітірген.

XS
SM
MD
LG