Accessibility links

Қарағандыда Украина құрметті консулдығына бояу жағып кеткен


Қарағанды облысының аумақтық картасы.
Қарағанды облысының аумақтық картасы.

Қарағанды қаласында Украинаның құрметті консулдығы ғимаратына әлдекімдер бояу жағып, бүлдіріп кеткені хабарланды.Бүгін таңертең кеңсеге келгендер есік пен ғимараттың алдыңғы қабырғасындағы ар-намысқа тиетін жазуларды байқаған.

Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті бұны жасағандарды полицияның іздестіріп жатқанын хабарлаған.

Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Батырхан Смайыловтың Азаттыққа айтуынша, ғимаратқа жазу жазып бүлдіру фактісі «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу тізіміне алынған.

XS
SM
MD
LG