Accessibility links

Журналисті соққыға жығуға күдікті екі айға қамалды


Youtube желісіне жарияланған «Бота Жұмановаға шабуыл» видеосынан скриншот.

Youtube желісіне жарияланған «Бота Жұмановаға шабуыл» видеосынан скриншот.

Журналист Ботагөз Жұмановаға шабуыл жасаған деген күдікпен ұсталған адам екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Азаттыққа қалалық соттың баспасөз қызметкері Гаухар Шалабаева хабарлады.

Сот өкілінің айтуынша, қамалған ер адам «шабуыл жасап, адам тонамақ болған» деген күдікке ілінген.

Өткен аптада Алматы полициясы Ботагөз Жұманованы соққыға жыққан деген күдікпен 22 жастағы жігіт ұсталғаны туралы хабарлаған.

Бұған дейін қазақстандық журналист, блогер Ботагөз Жұманованы қазанның 9-ына қараған түні Алматыдағы үйіне кіреберісте белгісіз біреу ту сыртынан шабуылдап, аяусыз ұрып-соғып кеткені туралы ақпаратпен бірге оқиға сәті түсірілген бақылау камерасындағы видеожазба тараған еді.

Миы шайқалып, денесіне зақым келген жәбірленуші Алматы қаласында ауруханаға жатып шыққан.

XS
SM
MD
LG