Accessibility links

Ұйым: Сирияда улы газ қолданылған


Сирияның Алеппо провинциясы. (Көрнекі сурет).

Сирияның Алеппо провинциясы. (Көрнекі сурет).

Сирияда биыл жазда ұрыс кезінде аса улы иприт (қыша газы) қолданылған деп мәлімдеді Халықаралық химиялық қаруға тыйым салу ұйымы.

1925 жылы дүниежүзі бойынша қолдануға тыйым салынған улы газ 2015 жылы 21 тамыз күні Сирияның солтүстігіндегі Алеппо провинциясының Мареа қаласында, сириялық көтерілісшілердің «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобымен соғысы кезінде қолданылған. Бірақ «улы газды қай тараптың қолданғаны белгісіз» дейді халықаралық ұйым.

«Сирияда қыша газының қолданылғанын бірінші рет растап отырмыз. Біз фактілерді анықтадық, бірақ бұл қылмысты кім жасағанын білмейміз» деген ұйым өкілі France Press агенттігіне.

Соңғы айларда ИМ содырлары Ирак пен Сирияда химиялық қару қолданғаны туралы болжамдар көбейе бастаған. Гуманитарлық ұйымдар химиялық қарудан ондаған адам зардап шеккенін хабарлаған.

XS
SM
MD
LG