Accessibility links

Қанат Ислам 20-кездесуінде нокаутпен жеңді


Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (ортада) жекпе-жек алдында.

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (ортада) жекпе-жек алдында.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Майамиде өткен жекпе-жекте Джонатан Батистаны (Доминикан Республикасы) бірінші раундта нокаутпен жеңіп, WBA Fedelatin нұсқасы бойынша Америка аймағы чемпионы атағын қорғап қалды.

Бұл – Қанат Исламның кәсіпқой рингтегі жиырмасыншы кездесуі. Ол барлығында жеңіске жеткен. Бұның алдында Колумбияда өткен жекпе-жекте Қанат Ислам жергілікті боксшы Орландо Де Хесус Эстраданы төртінші раундта нокаутпен жеңген еді.

Қытайда туған этникалық қазақ Қанат Ислам 2008 жылы Пекин олимпиадасына сол елдің атынан қатысып, қола жүлде иеленген. Ол 2010 жылы Қазақстан азаматтығын алып, «Астана арландары» клубында бокстасып жүрді.

Боксшы 2012 жылы Лондон олимпиадасына Қазақстан атынан қатысуына байланысты азаматтық-құқықтық дау туған соң кәсіпқой боксқа бет бұрып, АҚШ-қа кеткен.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG