Accessibility links

Джеб Буш: Иракта АҚШ әскерін көбейту керек


АҚШ президенттігіне Республикалық партия атынан үміткер Джеб Буш.
АҚШ президенттігіне Республикалық партия атынан үміткер Джеб Буш.

АҚШ президенттігіне Республикалық партия атынан үміткер Джеб Буш «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобымен күресу үшін Ирактағы америкалық әскерилер санын барынша көбейтуге шақырды.

Оңтүстік Каролинада сөйлеген Буш халықаралық коалицияның негізгі құраушысы ретінде Иракқа барынша көп америкалық сарбаз жіберу қажеттігін айтты. Ол ИМ содырлары Ирактың солтүстік бөлігін, оның ішінде елдегі ең үлкен екінші қала – Мосулды басып алғанын еске салды.

«Радикалды исламшылар Батыс әлеміне соғыс ашты. Олардың мақсаты – біздің барлығымызды күйрету» деген негізінен курсанттардан тұратын аудитория алдында сөйлеген Джеб Буш.

«Біз бұл қауіптен жалтара, я содырлармен келіссөз жүргізе алмаймыз. Бізде тек бір ғана таңдау бар, ол – жеңу» деді ол.

АҚШ президенттігіне Демократиялық партиядан негізгі үміткер, бұрынғы мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон 19 қарашада сөйлейді. Болжам бойынша, ол сөзінде өткен аптада Парижде болған терактілер, Сирия мен Ирактағы соғыстың жалғасуы сияқты проблемаларды қозғамақ.

XS
SM
MD
LG