Accessibility links

Ресейдің бұрынғы вице-премьеріне іздеу жарияланды


Ресейдің бұрынғы вице-премьері, оппозиционер Альфред Кох

Ресейдің бұрынғы вице-премьері, оппозиционер Альфред Кох

«Мәдени құндылықтар контрабандасы» айыбы тағылған Ресей үкіметінің бұрынғы вице-премьері, оппозиционер Альфред Кохқа федералдық іздеу жарияланды.

Германияда тұратын Кохқа "2013 жылы совет суретшісі Исаак Бродскийдің картинасын заңсыз шетелге әкетпек болды" деген айып сырттай тағылды. Альфред Кох картинаны белгісіз суретшінің салғанын және ешқандай көркемдік құндылығы жоқтығын айтады.

Третьяков галереясының сарапшылары туындының 1911 жылы салынған Исаак Бродскийдің картинасы екенін анықтағандарын мәлімдеген. Құжатқа алты маман қол қойған. Алайда Кох сараптаманың қорытындысына күмән келтіреді. Өзіне қарсы қозғалған қылмыстық істі ол «нәтижесі алдын ала белгілі болған саяси тапсырыс» деп атайды.

XS
SM
MD
LG