Accessibility links

Алматыда үш адам топырақ басып мерт болды


Алматыдағы құрылыс жұмыстарының бірі. (Көрнекі сурет).
Алматыдағы құрылыс жұмыстарының бірі. (Көрнекі сурет).

Алматыда жер қазу жұмыстары кезінде үш адам топырақ басып мерт болды деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті.

Департамент ақпаратына қарағанда, оқиға 24 қараша күні кешке қарай Әуезов ауданы Сәдуақасов көшесіндегі 2-үйдің жанында жер қазу жұмыстары кезінде болған.

Үйінді астынан үш адамның денесі шығарылған. Бір адамның кім екені анықталмаған.

Құтқару жұмыстарына төтенше жағдайлар қызметінің 21 қызметкері мен төрт техника қатысқан.

XS
SM
MD
LG