Accessibility links

Қостанайдың экс-әкімін қамау мерзімі ұзарды


Қостанай облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет.)

Қостанай облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет.)

Қостанай қаласының бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжанов пен оның орынбасарын қамауда ұстау мерзімін сот 2016 жылдың қаңтар айының басына дейін ұзартты.

Жергілікті «Наша газета» веб-сайтының хабарлауынша, Қостанайдың бұрынғы шенеуніктері мен ірі кәсіпкерлердің ісі бойынша «пара алған» және «пара берген» деген күдікке ілінген сегіз адамға қатысты санкцияны қараған қалалық 2-сот осындай шешім шығарған.

«Сегіз күдіктінің барлығына қатысты қамау мерзімі 2016 жылдың басына дейін ұзарды» деп хабарлады сот өкіліне сілтеме жасаған «Наша газета».

Бұрынғы қала басшысы Ахмедбек Ахметжан қыркүйектен бері үйқамақта отыр. Ол коррупциялық қылмысқа күдікті ретінде қамауға алынған.

XS
SM
MD
LG