Accessibility links

20 мың теңгелік банкнот айналымға шығады


 "20 мың теңгелік" номиналға байланысты ұлттық банк сайтындағы скриншот. 24 шілде 2013 жыл.

"20 мың теңгелік" номиналға байланысты ұлттық банк сайтындағы скриншот. 24 шілде 2013 жыл.

Ұлттық банктің баспасөз қызметі 1 желтоқсаннан бастап 20 мың теңгелік банкнот айналымға шығатыны туралы хабарлама таратты. 20 мыңдық қағаз ақша Қазақстанның "Тұңғыш президент күніне" орай шығарылған. Ресми мәліметке сәйкес, бұл банкнот 2013 жылы дайындалған және жалған ақша жасаушылардан жақсы қорғалған.

Ұлттық банк баспасөз хабарламасында 2006 жылы шыққан 2000, 5000 10000 теңгелік банкноттардың төлемдер мен банк операцияларында 2016 жылғы 3 қазанға дейін ғана қолданылатыны жазылған. Бұл купюралар 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап жарамсыз деп танылады.

XS
SM
MD
LG