Accessibility links

Лавров Түркия сыртқы істер министрімен кездеседі


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров бүгін Белградта Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) жиынының арасында Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглумен кездеседі.

"РИА Новости" агенттігі бұған дейін Лавровтың Чавушоглы ЕҚЫҰ жиыны аясында өзімен кездескісі келетінін білдірді деп айтқанын хабарлаған. Ларвов өзінің кездесдуен бас тартпайтынын білдіріп, "Чавушоглудың не айтқысы келетінін тыңдайтынын" айтқан.

Анкара мен Мәскеу арасы 24 қарашада түркиялық әскери-әуе күштері Сириямен шекарада Ресейдің Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсіріп, бір ұшқышы қаза тапқаннан кейін нашарлаған.

Анкара ұшақ Түркия әуе кеңістігін бұзып кірген соң атып түсірілгенін мәлімдеген. Ресей ұшақтың Сирия әуе кеңістігінен шықпағанын айтады.

XS
SM
MD
LG