Accessibility links

Лондон полициясы метродағы шабуылды тексеріп жатыр


Лондондағы Лейтонстоун метро станциясы алдында тұрған полицей.
Лондондағы Лейтонстоун метро станциясы алдында тұрған полицей.

Ұлыбритания полициясы 29 жастағы ер адамды Лондон метросындағы Лейтонстоун станциясында үш адам жараланған пышақ шабуылына күдікті ретінде тергеп жатыр. Полицияның мәлімдеуінше, 5 желтоқсан күні кешке станцияда пышақпен жасалған шабуыл "террорлық оқиға" деп қарастырылып отыр.

Билік шабуылды видеоға түсіріп алған куәгерлерді видеоларын полициямен бөлісуді сұрайды. Кейбір мәліметтер бойынша, күдікті шабуыл кезінде "Бұл - Сирия үшін" деп айқайлаған. Шабуылдан бір адам ауыр жараланып, екі адам жеңіл жарақат алған.

3 желтоқсанда Ұлыбритания Сириядағы "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына қарсы әуе шабуылдарын бастаған. Елде террорлық қауіп деңгейі әлі жоғары күйде тұр.

XS
SM
MD
LG