Accessibility links

ОҚО: Қар құрсауынан құтқаруға кеткендерден хабар жоқ


Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет.)
Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет.)

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданындағы Шыбықбел асуында қар құрсауында көлігімен қалып қойған бірнеше адамды құтқаруға кеткен төтенше қызмет өкілдері мен жедел жәрдем қызметкерлерінен әлі хабар жоқ деп хабарлайды Азаттыққа облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Департаменттің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Зарипа Абдуллақызының сөзінше, төтенше жағдай қызметкерлері Бәйдібек ауданындағы Бірлік-Жарықтас-Қошқарата жолындағы Шыбықбел асуында қар құрсауында қалып қойған адамдарды құтқаруға бүгін таңертең кеткен.

«Ол жаққа таңғы сағат сегіздер шамасында біздің төрт маманмен бірге жедел жәрдем қызметі шыққан. Олар Ақтас елді мекеніндегі науқастарды ауданға жеткізуге және Шыбықбел асуында қар құрсауында қалып қойған бірнеше техниканы алып шығуға тапсырма алған. Қанша адам құтқарылды, қанша техника шығарылды – ол жайында нақты ақпарат жоқ» дейді бас маман.

10 желтоқсанда түстен кейін Бәйдібек ауданындағы Алмалы-Бәйдібек тас жолында қар құрсауында қалып қойған жүкті әйел және Төле би ауданында Нысанбек-Тұрсынбай тас жолында жеке көлігімен қар құрсауында қалған жеті адам құтқарылғаны хабарланған еді.

XS
SM
MD
LG