Accessibility links

Киевте бұрынғы полицейлер реформаға наразылық айтты


Украиналық полиция қызметкерлері наразылық акциясына шыққан Femen әйелдер қозғалысы белсенділерін ұстап жатыр. Киев, 12 қараша 2015 жыл.
Украиналық полиция қызметкерлері наразылық акциясына шыққан Femen әйелдер қозғалысы белсенділерін ұстап жатыр. Киев, 12 қараша 2015 жыл.

Киевте Украина ішкі істер министрлігі алдында 2015 жылы қайта аттестациялаудан соң қызметтен босатылған бұрынғы милиция қызметкерлері наразылық жиынын өткізді. Олар қайта аттестациялау бұрмалаушылықпен өткізілгенін мәлімдеген, кейбіреулері тест тапсырардан бұрын жұмыстан шығарылғандықтан зейнетақыдан қағылатындарын айтқан. «Украинская правда» интернет-басылымының хабарлауынша, наразылық жиынына жүздеген адам қатысқан.

Украина ішкі істер министрі Арсен Аваков «тест пен аттестациядан өте алмаған милиционерлердің ешбір шеруі шешімінен тайдыра алмайтынын» мәлімдеген. Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында министр Украинаның жаңа полициясында «біліксіз әрі лас «менттер» болмайды, халық сеніміне ие «коптар» болады. Бұл принципті [мәселе]. Басқаша болмайды» деп жазған.

Аваковтың пікірінше, бұрынғы милиционерлердің бүгінгі наразылығын «реформалар мен кадрлық өзгерістерден лас схемалары бұзылғандар» ұйымдастырған.

Украин полициясын аттестациядан қайта өткізу 2015 жылы 5 қарашада Киев қаласы мен Киев облысында басталған. 8 желтоқсанда Аваков сол кезге дейін 12 мыңнан аса полиция қызметкерлері тест сынақтарынан өтіп, олардың үштен бірінің көрсеткіштері «бұдан ары қарайғы қызметіне сәйкес келмейтін өте төмен деңгейде» болып шыққаны туралы мәлімдеген еді.

XS
SM
MD
LG